"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының "Нұршуақ"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное  казённое предприятие "Ясли-сад"Нұршуақ" города Степногорск при отделе образования города Степногорск управления образования Акмолинской области

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасыл Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы

26.04.2024

«Жасыл Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы

«Жасыл Қазақстан» – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген Ұлттық жоба. Осы арқылы еліміз­дегі эколо­гиялық жағдайды жақ­сар­тып, ха­лық­қа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделіп отыр.

"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Оның ішінде атмосфералық ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен тиімді жұмыс істеу, суды тиімді және ұқыпты пайдалану, Балқаш көлі мен Солтүстік Арал теңізінің экожүйелерін сақтау, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері мен ихтиофаунаның санын ұлғайту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жасыл екпелер алаңын ұлғайту, табиғат пен жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауға дағдыландыру арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау, сондай-ақ халықтың экологиялық санасын жаңғыртуға баса мән беріледі.

2024 жылдың сәуірінің 26 күні Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы "Степногорск қаласының "Нұршуақ" бөбекжай балабақшасы" МКҚК-ның қызметкерлері бөбекжай аумағында 10 жеміс ағаш отырғызып, жас ұрпақты табиғаттың жанашыры болуға және айналаны барынша таза ұстауға шақырады.

Просмотров: 168


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст