Кенес беру орталығында "Нұршуақ" бөбекжайында ата-аналардың арасында "Баланың сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту" атты кеңес өтті.
Қазіргі таңда адамдарға өз өмірін гаджетсіз елестету мүмкін емес. Смартфондар мен гаджеттер біздің өмірімізге мықтап еніп алды. Тіпті балалар да оларды ерте жастан бастап қолдана бастады.
Смартфондар мен гаджеттер баланың сөйлеу тілінің дамуына ғана емес баланың психикасына және де жалпы дамуы мен жалпы моторикасына да кері әсерін тигізуде. Соңғы қездің статистикасына сүйенсек, қазір аутистік спектрі бұзылған балалар өте көп. Бұның себебі осы смартфондар мен гаджеттер деп анық айтуға болады.
Сондықтан баланың сөйлеу тілін ерте жастан бастап дамытып, түзеткен дұрыс.
Егер бала сізден кейін дауысты дыбысты қайталаса, оның өзі бір нәтиже. Баламен жұмыс жасау барысында ата-анамен де тығыз байланыста болу керек. Жасап жатқан жұмысыңызбең бөлісіп,үй жағдайында баламен жұмыс жасау жолдары бойынша кеңес беру қажет. Үйде берілген тапсырмаларды орындауларын талап етіңіз. Жан -жақты жұмыс жасалмаса жұмысыңыздың нәтижесін көру көп уақытқа созылып кетеді.
Педагог -психолог Нургалиева Гуля Ислямовна.
