"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының "Нұршуақ"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное  казённое предприятие "Ясли-сад"Нұршуақ" города Степногорск при отделе образования города Степногорск управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ -ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ. 2021ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕК

ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Қымбатты отандастар!

Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері!

Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз.Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды.

Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.

Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз.

Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес.Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы.Барлық бастамамыз осыған бағытталуда.Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік.Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Сондықтан, кез-келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет.Менің Қазақстан халқына биылғы Жолдауым мынадай мәселелерге арналады.

І. ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан қазір пандемияның зардабын тартуда. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, бағдарымызды берік ұстанып келеміз.Біз орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық. Ұлттық жобалар бекітілетін болады.Стратегиялық мақсатымыз – Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту.Экономикамызға тікелей инвестиция тарту ісін жалғастырудың жаңа тәсілі ретінде Стратегиялық инвестициялық келісім ұғымы енгізілді. Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру үшін нақты шараларды қолға алдық. «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін біріктірдік. Еншілес компаниялар екі есе азайды, олардың штат санын бір жарым есе қысқарттық. Жаңа, қуатты даму институтын құрдық.Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті."Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны жүзеге асыру барысында 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылды. Сондай-ақ, 70 мың жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің жалпы құны 3,5 триллион теңге болды.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді.Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастама экономикаға айтарлықтай әсер етті. Ең бастысы, оның әлеуметтік ықпалы айрықша болды. Осы шараның арқасында миллионнан астам азаматымыз тұрғын-үй жағдайын жақсартты. Кейбірі ипотекалық қарызын азайтты.Жалпы экономикалық дамуымызда оң үрдіс бар екені сөзсіз. Алайда, бүгінгі ахуалдың әлі де күрделі екенін ашық айтуымыз керек. Сондықтан, мен «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдадым. Бұл мақсатқа бөлінетін қаржының жалпы көлемі кемінде бір триллион теңге болады.Қазақстан мемлекеттік қарызы аздығының және едәуір қоры болғанының арқасында індет салдарын біршама тиімді еңсеруде. Бұл – біздің елеулі бәсекелік артықшылығымыз. Одан айырылып қалмауымыз керек.Бюджеттің кірісін арттыру үшін шаралар қабылдау қажет екені сөзсіз. Бірінші кезекте, мемлекеттік шығыстардың ауқымын және оның тиімді жұмсалуын бақылауда ұстау керек.

Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджет ережесін енгізуді тездеткен жөн. Бұған қажетті заңнамалық өзгерістер осы жылдың соңына дейін қабылдануға тиіс.Сонымен бірге, экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың түрін көбейтіп, экспорт географиясын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру керек.2020 жылдың қорытындысы бойынша, индустрияландыру жүзеге асырылып жатқан 10 жыл ішінде тұңғыш рет өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытуға қосқан үлесі тау-кен өндірісі саласынан асып түсті.Орта мерзімдегі мақсатымыз – 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 миллиард долларға жеткізу. Ал, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру.Әзірленіп жатқан «Өнеркәсіп саясаты туралы» заң өңдеу өнеркәсібінің алдында тұрған сауалдарға жауап беруге тиіс.Соның бірі – шикізатқа қол жеткізудің қиындығы. Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарларының бағасы қолжетімді, ал көлемі жеткілікті болуы керек деген қарапайым ережені енгізуіміз қажет.

Үкімет жыл соңына дейін осы маңызды міндетті шешудің оңтайлы жолын табуға тиіс.Сапалы геологиялық ақпараттың инвесторларға қолжетімділігін арттыру қажет. Осыған орай түрлі ведомстволарға бағынатын бытыраңқы мекемелердің негізінде тиімді Ұлттық геология қызметін құру керек.

Жер қойнауын пайдалану саласына, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу ісіне тың серпін қажет.Ұлт жоспары аясында басталған реформаларды соңына дейін жеткізген жөн. Атап айтқанда, геологиялық ақпараттың ашық цифрлық мәліметтер базасын құрып, оны инвесторлар үшін қолжетімді ету керек.Мәселен, Мемлекеттік басқару тұжырымдамасында квазимемлекеттік секторды қысқарту және оның тиімділігін арттыру, жұмысының ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қарастырылған.Реформалар жөніндегі жоғары кеңес жекешелендірудің жаңа жоспарын мақұлдады. Енді оны қатаң бақылау қажет.

Үкімет пен Ұлттық банктің басты міндеті – инфляцияны 4-6 пайыз деңгейіне қайтару

Жалпы сомасы 6,3 триллион теңге жұмсалған дағдарысқа қарсы шаралар жүзеге асырылғаннан кейін экономикамызда артық ақша пайда болды.

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәселе бойынша шешімдер топтамасын әзірлеуі қажет.Үкімет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, жылдың соңына дейін тиісті заң жобасын Парламентке енгізсін.

Енді инфляцияның монетарлық емес тұстарына тоқталайық. Оның ең бастысы – азық-түлік бағасы

Ең алдымен, бұл – азық-түлік тауарларының бағасын белгілеудің және оны бөліп-таратудың тиімсіз жүргізілуі.

Мен бұған дейін көтерме-тарату орталықтарының желісін құрудың маңыздылығы туралы айтқан болатынмын. Бұл міндет орындалып жатыр.

Осы орталықтардың шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, соның ішінде, жеке қосалқы шаруашылықтарға да қолжетімді болуын қамтамасыз ету маңызды. Бұл нарықтың монополиялануына жол беруге болмайды.

Екіншіден, ауа-райының қолайсыздығы мал шаруашылығында түйткілді мәселелер бар екенін көрсетті.Біз жедел шара қабылдап, жем-шөп тапшылығына байланысты ахуалды реттедік.Дегенмен, бұл салада әлі де жүйелі жұмыс атқару керек.Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн.Ғарыштық мониторинг және қашықтан зондтау мүмкіндігін кеңінен қолдану керек.Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауға тиіс.Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аудару қажет.Олардың құқықтық мәртебесі және көрсетілетін қолдау тәсілдері «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» бөлек заңда көрініс табуы керек.Үкімет бұл заң жобасын өте қысқа мерзімде әзірлеуге тиіс.Ветеринария саласын да жетілдіру қажет.Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек.

Үшіншіден, біздің аграрлық саясатымызда сабақтастық болмай отыр.

Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен ашық болуға тиіс.

Шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болуы керек.Ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтауды қолдау тәсілдерін мұқият қарауымыз қажет. Мен биыл ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және олардың қатысы бар компанияларға сатуға және жалға беруге біржола тыйым салған заңға қол қойдым.Жер кодексіне қазақстандық инвесторларды ауыл-аймақтарды дамыту үшін қаржы салуға ынталандыратын түзетулер енгізілді.

Келесі мәселе. Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша цифрландыру

Қазақстан үшін заманауи цифрлық технологиялар трансферті, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу айрықша маңызды. Біз шетелдегі стратегиялық серіктестерімізбен белсенді жұмыс істеуге тиіспіз.Сонымен бірге, отандық ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу де маңызды. Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет.

Біріншіден, "Электронды үкіметтің" мүлде жаңа құрылымын жасау керек. Мемлекеттік сектордың барлық ІТ-бастамасы тек қана қазақстандық мемтехтың жаңа платформасына негізделеді.

Бұл платформа қайталауларды, тиімсіз шығыстарды және бюрократияны жояды. Мемлекеттік қызметтер азаматтарға смартфоннан 100 пайыз қолжетімді болады.

Екіншіден, біз мемлекеттік органдардың бизнес-үдерісін түгел қайта қарап, цифрлық форматқа көшіретін Цифрлық трансформация орталығын ашамыз.

Үшіншіден, ұлттық компаниялар ІТ-қауымдастықпен өзара қарым-қатынас жасайтын платформа құруымыз қажет. Квазимемлекеттік сектордың цифрлық қажеттілігі мен сұранысы барынша отандық компаниялардың күшімен қамтамасыз етілуге тиіс.

Төртіншіден, мәлімет беру желісін халықаралық дәліздермен ұштастыра отырып, оны біртіндеп кеңейту және жаңарту қажет. Көрші елдерге де қызмет көрсете алатын мәлімет өңдеудің заманауи орталықтарын құру керек.

Біз еліміздің орасан зор ақпараттық-телекоммуникациялық әлеуетін іске асыра білуге тиіспіз. Жаңа цифрлық дәуірде ол геосаяси маңызға ие болады.

Қазақстан Еуразия өңірінің басым бөлігі үшін орталық цифрлық хабқа айналуға тиіс.

II. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Халқымыз "Бірінші байлық – денсаулық" деп бекер айтпаған.

Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды.

Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес.Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде.Біз уақыт ұттырмай індетпен күресу шараларын дереу қолға алдық.Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі.

Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ.

Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде.Елімізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Көптеген мемлекеттердің бұған қолы жетпей отыр.Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп.Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде.Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда.Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс.Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн.Адамзат көптеген індетті бастан өткерген.

Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпауымыз керек.Алдағы уақытта әлемде коронавирустың жаңа штамдары шығуы мүмкін. Сарапшылар басқа да індеттер пайда болатынын айтуда.Біз оның қашан болатынын күтіп, қарап отыра алмаймыз.

Осындай жағдайда өмір сүріп, әрі қарай дамуға бейімделуіміз керек.Қазір «бустерлік вакцинаны» сатып алу өте маңызды.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет.

Сонымен бірге, бүкіл денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындаған жөн.Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құрылуға тиіс.Бұл шара тиісті заң жобасында қарастырылған.Парламенттен осы заң жобасын қазіргі сессияның соңына дейін қабылдауды сұраймын.Медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханамыз халықаралық стандартқа сай емес."Дені сау ұлт" жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау қажет.Соның арқасында зертханаларымыз 90 пайызға дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады.Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек.Пандемия кезінде жоспарлы скринингтер мен ота жасау кейінге қалып жатыр.

Бұрыннан бар стандартты екпелер көптеген балаларға салынбай қалуда. Әрине, бұған жол беруге болмайды.Медицина саласына қомақты қаржы құю керек.Бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуға тиіс.Фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажет.Вируспен күрес кезінде дәл осы сала еліміздің бәсекеге қабілеті мен қауіпсіздігі үшін маңызды екеніне көзіміз жетті.

Жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандырған жөн.Инвесторларды тартып, озық технологияны және осы саладағы жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек.

Отандық тауар өндірушілермен жасалатын оффтейк келісім шарттарының көлемін арттырып, өнім түрін көбейту қажет.

Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет.

Жалпы, Токио олимпиадасының қорытындысына байланысты спорттағы ахуалды бөлек кеңесте қарау қажеттігі туындап отыр.

III. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді.Алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсаймыз. Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы күрт өсті.Пандемия кезінде қашықтан оқытудың нәтижесі ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі төмен екенін көрсетті. Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс.Сонымен бірге, жағымды жаңалығымыз: бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлеймізТұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету айрықша маңызды.Материалдық қолдау көрсету шараларын «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен толықтырған жөн.Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет.Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуіміз керек деп санаймын. Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді.Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін.Бүгінгі таңда NEET санатындағы 237 мың жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді.Жыл сайын мектеп бітірген 50 мың түлек оқуға ақылы негізде түседі. Олардың 85 пайызы – тұрмысы төмен отбасының балалары.Бұл жағдайды түзету қажет. Сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі керек. Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуге тиіс. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесін пысықтаған жөн. Жоғары оқу орындары мамандардың сапалы даярлануына жауап беруге міндетті.Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз. Бұл саладағы түйткілдердің шешімін табу үшін жылдың соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Ең алдымен, жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек.

Мұны ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз еткен жөн.

Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру тәртібін енгізуді тапсырдым.

IV. ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ

"Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің" басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл бірінші кезекте жергілікті билікке қарата айтылып отыр.Тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасап, олардың проблемаларын шұғыл шешумен дәл осы әкімдіктер айналысады. Әр аймаққа тән міндеттерді жалпыұлттық басымдықтармен дұрыс ұштастыра білу қажет.Ұлттық даму жоспары аясында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру үшін нақты 25 міндет айқындалды. Үкімет пен әкімдер Өңірлерді дамыту жоспарларын бекітілген жалпыұлттық міндеттерге сәйкес жаңартуы қажет.Республикалық бюджеттен қаржы бөлу әкімдердің пысықтығына, қандай да бір жеке көзқарасқа және басқа да субьективті факторларға байланысты болмауы керек.Бюджет үдерісін "қайта жүктеу" үшін жан басына қарай қаржыландыру тетігін неғұрлым кеңірек қолданып, бюджет лимиттерін бөлудің объективті әдістемесін енгізу қажет.

Бюджет үдерістерін жеңілдетіп, бюрократияны барынша азайтқан жөн. Сондай-ақ, бюджетті жоспарлау мен орындау кезінде цифрлық тәсілдерді қолдануды кеңейту керек.Сонымен бірге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыра отырып, бөлшектенген бюджетті енгізу керек.Үкімет бюджет заңнамасы мен заңға тәуелді актілерге енгізілетін тиісті өзгерістер топтамасын әзірлегені абзал.Жобалардың сметалық құнын үнемі артық көрсету – аса өткір проблема. 1 желтоқсанға дейін Үкімет пен Есеп комитетіне ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Келесі мәселе – өңірлердің қаржылық дербестігін арттыру

2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығы жергілікті бюджетке берілді.Содан бері экономикалық белсенділік төмендегеніне қарамастан, жергілікті бюджеттердің түсімі жоспардағыдан 25 пайызға артық түсе бастады."Адамдар – инфрақұрылымға" қағидатының сақталуы айрықша маңызды. Болашағы бар ауылдарды дамытуға баса назар аудару керек. Басты мақсат – олардың Өңірлік стандарттар жүйесіне сай болуын қамтамасыз ету.Бұл ұстанымдар Аумақтық даму жоспарында бекітілуге тиіс.Қазір өндірістік өнеркәсіптің 40 пайызы 27 моноқаланың еншісінде. Онда 1,4 миллион азаматымыз тұрады.Моноқалалардағы тыныс-тіршілікті одан әрі жандандыруға қатысты жан-жақты ойластырылған шешімдер қажет. Бұл мәселені біз жуық арада бөлек кеңесте талқылайтын боламыз.Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту –басым бағыттың бірі. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында орталықты өңірлермен жалғайтын біртұтас көлік желісі қалыптасуда. Стратегиялық маңызы зор инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Алматыдағы 2-ші жылу электр орталығының аумағында булы газ қондырғысын салу, 3-ші жылу электр орталығын жаңғырту және 1-ші жылу электр орталығын кеңейту керек. Оңтүстік өңірде 1000 мегаватт энергия өндіретін жаңа қуат көздерін іске қосу қажет.Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кабель желілері жаңғыртылуға тиіс. Біз стратегиялық инвесторларымызбен бірлесіп, еліміздің түрлі өңірінде шамамен 2400 мегаваттық жаңғыртылатын қуат көзін іске қосамыз.Еліміздегі экология мәселесі басты назарда болуға тиіс. Сондықтан, мейлінше ластанған 10 қаланы орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшірген жөн. Биыл батыс өңірлерін газбен қамтамасыз ету ісін жақсарту үшін жалпы сомасы 700 миллиард теңге болатын үш жоба бойынша жұмыс басталады.

Тағы бір маңызды мәселе бар. Ол - су жайы

Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылдың ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп болжам жасап отыр.2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан, біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек.

Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Үкімет су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуге тиіс.Су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды 120 каналды қайта жаңғыртуға кірісеміз. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында жаңадан 9 су қоймасы салынады

Дүние жүзі өнеркәсіп пен экономиканы экологиялық тазартуға бет бұрды.Қазір бұл – әншейін сөз емес, салық, баж және техникалық реттеу шаралары сияқты нақты шешімдер. Біз одан тыс қала алмаймыз. Мұндай шешімдер экспорт, инвестиция және технология трансферті арқылы елімізге тікелей әсер етеді.Шын мәнінде, бұл – Қазақстанның орнықты дамуы мәселесі. Сондықтан мен 2060 жылға қарай көміртегінен арылу міндетін жүктеп отырмын.Бұл бағытта өте байыппен жұмыс істеу керек. Кең-байтақ еліміздің тұрғындар саны да, экономикасы да өсіп келеді. Өсім сапалы болу үшін қуат көздері қажет. Көмір дәуірі біртіндеп келмеске кетіп бара жатқан заманда жаңғыртылатын энергияға қоса, біз сенімді базалық қуат көздерін ойластыруға тиіспіз.Қазақстанда 2030 жылға қарай электр қуатының тапшылығы пайда болады. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мұның ең оңтайлы шешімі – бейбіт атом.

V. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ТИІМДІ ЭКОЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Пандемия еңбек нарығын едәуір өзгертті. Бұл – ең алдымен, қашықтан жұмыс істеу тәсілінің қарқынды дамуы.Көптеген жаңа кәсіптер пайда болған, үдерістердің көпшілігі автоматтандырылып, цифрландырылып жатқан қазіргі кезде бұл үрдіс тың серпінге ие болуда. Осындай жағдайда мамандықты жиі өзгерте білу және жаңа кәсіптерді игере алу арқылы ғана әркімнің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ете аламыз.Сондықтан, бізге "Кәсіби біліктіліктер туралы" заң қажет. Бұл құжат біліктілікті тану мәселесін реттеп, жұмысшыларды өзінің қарым-қабілетін жетілдіруге ынталандыруы керек.

Жаппай цифрландыру үдерісі интернет-платформалар негізінде жұмыспен қамтудың жаңа үлгісін алып келді. Такси жүргізушілері, курьерлер және басқалар – осының жарқын мысалы.Бұл сала әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамту және салық салу тұрғысынан мемлекеттің қолғабыс етуіне мұқтаж болып отыр.Өз бетінше бизнеспен айналысқысы келетіндердің де көшуіне жағдай жасаған жөн. Көшіп келген азаматтарға үй салу ғана емес, ауыл шаруашылығымен айналысу үшін де жер телімдерін беру мүмкіндігін пысықтау керек.

Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан, қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі

Алайда, қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алуда.Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес.Мұндай адамдар кез-келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек.

Осындай жағдайлар «мемлекеттен ала берсем» деген көзқарас қалыптастырды.Ал, көмекке шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр.Әрине, біздің еліміздің мүмкіндіктері зор, бірақ оның да шегі бар.Ең бастысы, әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады.Мұндай жағымсыз өмір салты ұрпақ тәрбиесіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады.Сондықтан, бізге түбегейлі өзгеріс керек.Заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс.Дайындалып жатқан Әлеуметтік кодексте осындай мәселелерге барынша назар аудару керек.

VI. САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

Саяси жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру – мемлекетіміздің стратегиялық бағдарының басым міндетінің бірі.Соңғы екі жылда біз бұл салада бірқатар елеулі өзгеріс жасай алдық. Митинг өткізу үшін алдын-ала ескерту қағидаты жазылған жаңа заң қабылданды, партиялардың Мәжіліске өту шегі 5 пайызға дейін төмендеді, сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген баған қосылды.Осы және басқа да қадамдар қоғамда белсенді қолдау тапты.

Бұл бастамалар орнықты демократиялық даму бағдарымызды нығайтып, саяси жүйемізді сапалық тұрғыдан өзгертеді.Сонымен бірге, азаматтарымызды мемлекет басқару ісіне барынша тартуға оң ықпал етеді.

Бірақ мұнымен шектелуге болмайды.Біздің мақсатымыз – мемлекеттің тиімділігін, саяси үдерістің ашықтығы мен бәсекелестігін одан әрі арттыру.

Сондықтан саяси реформалар жалғасады.Мемлекеттілігімізді нығайта түсу үшін барлық өзгерісті еліміздің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, біртіндеп жүзеге асырамыз.Бұл – мықты, әділ әрі озық мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы.Азаматтарымыз бұл ұстанымды қолдап отыр.

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу аса маңызды қадам болды.

Бұл – менің былтырғы Жолдауымда айтылған саяси реформаның негізгі мәселесі. Осы шешім ауыл халқының, яғни қазақстандықтардың 40 пайыздан астамының мүддесіне тікелей ықпал етеді.Біз дұрыс жолдамыз. 2024 жылы азаматтар пилоттық режімде аудан әкімдерін сайлау мүмкіндігіне ие болады.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жаңғыртудың маңызды факторы – азаматтық мәдениетті дамыту.Президент Әкімшілігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тәсілдерін әзірлеуі керек.Гранттық қаржыландыру жүйесін ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың сұранысына қарай бейімдеп, оны алудың жеңілдетілген режимін енгізу қажет.Бұл ауылдық жердегі әлеуметтік белсенділікке тың серпін береді.Сайлау тізіміндегі әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота туралы норманың енгізілуі партияларды барынша белсенді жұмыс істеуге, жаңа адамдар іздеп, өз қатарын жасартуға жетеледі.

Дегенмен, халық қалаулыларының түпкілікті құрамы жасақталғанда бұл квота сақталған жоқ.Сондықтан, оның толыққанды әсері болуы үшін депутат мандатын бөлу кезінде осы квотаны міндетті түрде ескеру туралы норманы заң жүзінде бекіту керек.Біз инклюзивті қоғам құрып жатырмыз. Ерекше қажеттілігі бар тұлғалар әзірге еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде көп емес.

Квота бөлінетін азаматтар санатының тізімін кеңейтуді ұсынамын. Онда жастар мен әйелдерден бөлек, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да квота белгілеу керек.Мен адам құқығын қорғау саласын әрдайым жеке дара бөліп қарайтынымды білесіздер. Біз соңғы екі жылда бұл бағытта едәуір ілгері бастық.Биыл қаңтар айында мен Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойдым.Енді Қылмыстық кодекстің нормаларын Екінші Факультативтік Хаттаманың ережелерімен үйлестіруіміз керек.Тиісті заң жылдың соңына дейін қабылданады деп сенемін.

Осы жаздың басында менің Жарлығыма сәйкес Үкімет Адам құқығын қорғау жөніндегі кешенді жоспарды бекітті.Осы маңызды құжат Қазақстанда адам құқығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ұзақ мерзімді институттық негіз қалыптастырады.Атап айтқанда, кешенді жоспар қабылданғаннан кейін гендерліктеңдікті қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс басталды. Осыған орай әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанымын барынша қолдауды қамтамасыз еткен жөн. Бұл жұмысқа Президент Әкімшілігі жауапты.

Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына да өзгерістер енгізген жөн.

Құқық қорғау жүйесінде елеулі өзгерістер басталды

2021 жылғы 1 шілдеден бастап әкімшілік әділет жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл институт мемлекеттік аппарат пен азаматтардың өзара қарым-қатынасын жаңадан қалыптастырады.Сот қызметінің заманауи үлгісі енгізіліп, артық сот үдерістері қысқартылуда.Заңнамадағы барлық қайшылықтар мен көмескіліктер азаматтар мен бизнестің мүддесіне орай түсіндірілетіні заң жүзінде қамтамасыз етілді.Үш буынды модель енгізілгеннен кейін қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау күшейді. Бас прокуратура алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлейтін болады.Балаларға, соның ішінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың алдын-алу және оның жолын кесу ерекше бақылауда болуға тиіс.Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын.Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру қажет. Құзырлы агенттік жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңдегі іс-қимылымыздың бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге ұсынуы керек.Азаматтардың құқығын қорғағанда құқық қорғаушылардың, соның ішінде адвокаттардың құқығы туралы ұмытпаған жөн.

VII. ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСУЫ – ОДАН ӘРІ ДАМУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

Қазір Қазақстан мүлде жаңа дәуірге қадам басты.Соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде.Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын-қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажет.Біздің азаматтарымыз үшін келісім мен толеранттылық – мәдениеттер мен тілдерді өзара тоғыстыратын өмірдің шынайы көрінісі, нақты болмысы.Біз – Конституцияда айтылғандай, біртұтас халықпыз. Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.Этносаралық және конфессияаралық қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматымыз түсінуі қажет.Біз қашанда алауыздыққа қарсы тұра білген елміз.Адамды тіліне, ұлтына, нәсіліне қарап кемсітуге, біреудің намысына тиюге жол бермейміз, заң бойынша жауапқа тартамыз. Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда.Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді.

Атазаң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі

Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Біздің заңнамаға сәйкес, оның қолданылуын шектеуге болмайды.Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады.Жастарымыз өзге тілдерді, соның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, бұдан еш ұтылмайды. Орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымындағы ресми алты тілдің бірі. Сондықтан, бұл мәселеге парасаттылықпен қарауымыз қажет. Қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі. Үкімет сарапшылармен бірлесіп, жыл соңына дейін жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жоспарын ұсынуға тиіс.Қазір – ғаламтор дәуірі. Ондағы бей-берекет ақпарат тасқыны ұрпақтың санасын улап жатыр.Басты міндет – жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру.Отаншылдық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттер дәріптелуі керек.

БІРІНШІ БАСТАМА

Ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарайтын кез келді деп санаймын.

Бұл – бір жағынан аса маңызды макроиндикатор болса, екінші жағынан – әркімге түсінікті көрсеткіш. Бізде ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері өскен жоқ.Қоронавирусқа байланысты әлемдік дағдарыс тұрғындардың табысына кері әсер етті. Оның үстіне Қазақстан ең төменгі жалақы деңгейі бойынша ТМД-ның бірқатар елдерінен артта қалып қойды.Сондықтан, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым.

ЕКІНШІ БАСТАМА

Қазақстанда 6,5 миллионнан астам адам жалданып жұмыс істейді. Мұны өздеріңіз жақсы білесіздер. Олардың негізгі табыс көзі – жалақы. Бұл ретте, еңбекақы төлеу қорының өсімі соңғы 10 жылда кәсіпорын иелері табысының өсімінен 60 пайызға жуық қалып қойды. Осыған байланысты Үкімет бизнесті өз жұмысшыларының жалақысын көбейтуге ынталандыратын «ұтымды» шаралар әзірлейді.

ҮШІНШІ БАСТАМА

Еңбекақы төлеу қорына түсетін салмақтың өзі барынша түсінікті әрі қарапайым болуы қажет. Бұл, әсіресе, микро және шағын кәсіпкерлік саласында қатты сезіледі. Мұндай бизнес үшін жиынтық салмақты 34 пайыздан 25 пайызға төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізуді ұсынамын. Жаңа жүйе 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастауға тиіс.

ТӨРТІНШІ БАСТАМА

2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ, бюджеттен қаржыланатын өзге сала азаматтары бұдан тыс қалды.Бұлар – мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер және басқалар. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады.

БЕСІНШІ БАСТАМА

Тұрғын үй азаматтарымыз үшін – қашанда басты мәселе."Баспана хит" және "7-20-25" сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Сонымен қатар, нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес.Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады.Ұлттық даму институтына айналатын "Отбасы банкі" оның әкімшісі болып белгіленеді .

/public/files/2021/9/8/080921_174629_gholdau-2021.docx

Текст