Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша
білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Нұршуақ» бөбекжайы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Нұршуақ» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Степногорск қаласы, 7 шағын аудан, №64/4 ғимарат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Степногорск қаласындағы «Нұршуақ» бөбекжайы» МКҚК білім беру саласында 2022 жылы 225 Мемлекеттік қызмет көрсетілді:
403002 "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" – 225;
803014 " Біліктілік санаттарын беру және растау үшін білім беру ұйымдарының және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау " – 0.
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://nurshuakstepnogorsk.edu.kz/. Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Нұршуақ» бөбекжайы» МКҚК,. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Степногорск қаласындағы «Нұршуақ» бөбекжайы» МКҚК 2022 жылы 225 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Нұршуақ» бөбекжайы» МКҚК бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.