Текст
«Аққоян» және «Нұрбөбек» мектепалды даярлық тобының педагогтары ашық он күндік өткізіп, балалар өздерінің достары мен отбасыларына қандай игі істер жасағанын айтып берді.«Бәйтерек» және «Құлыншақ» мектепалды даярлық тобының мұғалімдері балалармен сабақ өткізді."Балаға жүрек жылуы" атты Сара Алпысқызына арналған тақырыптық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары және балаларды Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірбаянымен және қоғамдық қызметімен таныстыру; «адамгершілік» ұғымын қарастырып, әр адам үшін өзінің ішкі жан дүниесін тану маңыздылығын түсіндірді.
.