Степногорск қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «08» қаңтар
№ а-1/6
қаулысымен бекітілген
«Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы
«Нұршуақ» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның
ЖАРҒЫСЫ
Степногорск 2016 жыл
1. Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы «Нұршуақ» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі-Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің ,2007 шілдедегі «Білім туралы »Заңына сәйкес құрылған.
2. Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы »Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нармативтік құқықтық актілерін және осы Жарғыны басшылыққа алды.
3.Степногорск қаласының әкімдігі Кәсіпорының құрылтайшысы (Уәкілетті органы) болып табылады.
4. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
5. Кәсіпорынның толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы «Нұршуақ» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Қысқартыған атауы: Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы «Нұршуақ» бөбекжай –балабақшасы» МКҚК;
Орыс тілінде: Государстенное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Нұршуақ»при отделе образования города Степногорска; сокращенное наименования: ГККП «»Ясли-сад «Нұршуақ» при отделе образования города Степногорск.
6. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 021500, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 7-шағынаудан, 64/4 ғимарат.
2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі
7. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап Уәсіпорын заңды тұлға құқықғын иеленеді.
8. Кәсіпорынның дербес балансы, банкілік есеп-шоттары, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік және орыс тіліндегі атауы (оның ішінде қысқартылған атауы) бланкілері, мөрлері және бұрыштама мөртабандары болады.
3. Кәсіпорын қызметінің мәні, міндеттері мен мақсаттары
9. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты- білім беру саласында өндірістік – шаруашылық қызмет атқару.Педагогикалық жұмыс үдерісінің мақсаты баланың жас және өзіне тән ерекшеліктерін есепке ала отырып ,оның тұлғасын қалыптастыру және дамыту болып табылады,мектепке дейінгі тәрбиенің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылған бағдарламаларымен және оқу жоспарымен іске асырылады.
10. Көрсетілген мақсатқа жету үшін Кәсіпорын келесідей қызмет түрлерін жүзеге асырады: тәрбиеленушілердің және білім алушылардың дене және психкалық денсаулығын қорғау және нығайту үшін оңтайлы жағдай жасау.
Баланың жеке тұлғасын жан-жақты дамыту .
Баланың дамуындағы жетіспеушіліктерді түзетуде білікті көмек алу.
Алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық –санитарлық көмек көрсету.
11.Кәсіпорын қызметінің негізгі міндеттері:
Балалардың дене бітімін дамыту, жеке тұлғасынқалыптастыру, оларды ұлттықсалт-дәстүрлерге, туған мәдениетіне бейімдеу үшін жағдай жасау.
Азаматыққа тәрбиелеу, жеке тұлғаның халықтың, қоғамның, мемлекеттің, отбасының алдындағы міндеттерін және құқығын білу.
Адамгершілік негіздерін және рухани мүмкіндіктерін ашу.
Табиғатқа, табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды табиғатты қорғау қызметіне баулу, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мектепалды дайындықпен қамтамасыздандыру.
12.Кәсіпорын қызметінің мәні – білім беру салаында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту.
4.Білім беру ұйымына балаларды қабылдау тәртібі
12.Балаларды балабақшаға қабылдау Қазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым министрінің 2015 жылғы 07 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген, «Мектепке дейінгі білім ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» және «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
13.Білім беру ұйымы және ата-аналар арасында қарым-қатынастар шартпен реттеледі.
14. Жыл бойы балалардың мектепке дейінгі ұйымдарында уақытша немесе тұрақты болуларына бос орын болған жағдайда қабылданады.
15.Білім беру ұйымында жоспарлық толықтыруда келесідей жасаралық топтары бар:
2 жастан 3 жасқа дейін-бірінші бөбектер тобы -18 баладан артық емес;
3 жастан 4 жасқа дейін - екінші кішкентайлар тобы - 25 баладан артық емес:
4 жастан 5 жасқа дейін - орташа тобы - 25 артық емес;
5 жастан 6 жасқа дейін-ересектер тобы -25 баладан артық емес;
5жастан 6 жасқа дейін-мектепалды тобы-25баладан артық емес;
16. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың орындары келесі жағдайларда сақталады:
Баланың сырқаттануы, баланың медициналық, санитарлық-курорттық және басқа ұйымдарда емделулері мен сауықтандырылулары;
Ата-аналарының немесе заңды тұлғаларының біреуіне еңбек демалысының берілуі;
Жазғы мерзімде баланың екі айға дейін сауықтырылуы.
18.Басшының мектепке дейінгі ұйымнан баланы шығарып тастауы келесі жағдайларда іске асырылады:
Балаға қызмет көрсеткені үшін ай сайын уақытымен ақысы төленбеуі (белгіленген ақы төлеу мерзімінен күнтізбелік 15 күннен асып кетсе);
Әкімшілікті ескертусіз және себепсіз жағдаймен баланың балабақшаны бір айдан астам босатуы;
Дәрігерлік кеңесші комиссиясының анықтамасы негізінде баланың балабақшаға келуіне медициналық қарсы көрсеткіштернің болуы жағдайында.
5 Білім беру үдерісін ұйымдастыру тәртібі
19. Білім беру үдерісін ұйымдастыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленетін және бекітілетін балаларды дамытудың жалпы білім беру бағдарламаларымен айқындалады және белгіленеді.
20. Жүзеге асырылатын білім беру оқыту бағдарламаларының тізімі:
«Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз», «Мектепке дейінгі даярлық бағдарламасы»
21. Оқу-тәрбие процесі балалар үшін ерекше болып табылатын қызметтің түрлерін ескере отырып жүзеге асырылады: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театрландырылған, қозғалыс белсенділігі, сондай-ақ балаға жеке тұрғыдан қарауды, балалардың жастық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі кіші топтарымен жұмыс жасау мүмкіндігін қарастырады.
22. Оқу-тәрбиелік және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс әдіскермен тәрбиешілермен, логопедпен, педагог-психологпен, ән-күй жетекшісімен, дене шынықтыру жаттықтырушысымен, медбикемен жүргізіледі.
23. Ауызша тіл кемістіктерін жою бойынша балалармен түзету жұмыстарын логопед логопунктте жүрегізеді.
24. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптары мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметін реттейтін, санитарлық-эпидемиологиялық саладағы нормативтік – құқықтық актілерге сәйкес орнатылады.
25. Білім беру ұйымының қызметкерлері оқу-тәрбие үрдісі кезінде балалардың денсаулығын және өмірін қорғауды қамтамасыз етеді.
26. Білім беру ұйымында балаларды тәрбиелеу және оқыту он алты топта мемлекеттік тілінде жүзеге асырылады.
27. Сабақ өту түзімі білім беру ұйымымен жеке анықталады.
28. Білім беру ұйымында құнарлығы сақталған кепілдендірілген нормаларымен үйлестірілген тағаммен қамтамасыз етіледі. Тамақтану уақыты жұмыс тәртібі есебімен Жарғының 13.1-тармағына сәйкес ұйымдастырылады.
6.Ақылы білім беру қызметінің тәртібі және тізімі
29. Кәсіпорын ата-аналардың (заңды өкіл) сұраныстарымен және кәсіпорынның қызметін бағыттаудан бастап, қосымша білім беру және сауықтыру қызметтерінің тізімін аңықтауға құқылы.
30. Ата-ана немесе баланың заңды өкілі баланың ақылы қызмет көрсету уақытында болмауына (ауырған кезде ) байланысты толық көлемде балаға қосымша жеке сабақтар беруге және оқыту сапасын талап етуге құқылы.
31. Ұйымдық-құқықтық үлгіде коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында құрылған,мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланы ұстау үшін ата-анасымен немесе заңды өкілдерінен алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері, жасына қарамастан тамақтандыруға кететін шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшы белгілейді.
32. Әр білім беру қызметінің түріне оқу жылының перспективті жоспары педагогикалық кеңеспен және Кәсіпорын басшысымен бекітіліп қабылданады.
7.Тәрбиеленушілер мен ата-аналрдың (заңды өкілдерінің)
құқықғы мен міндеттері
33. Кәсіпорында білім беру қатынасында қатысушылар тәрбиеленушілер, олардың ата-аналары (заңды өкіл), педагогиқалық қызметкерлер және олардың өкілдері, Кәсіпорын болып есептеледі.
34. Кәсіпорын тәрбиеленушілерінің құқығы БҰҰ-мен қабылданған бала құқығы туралы Конвенциямен қорғалады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, сондай-ақ Кәсіпорынның тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) өзара келісілген білім беру туралы шарпен қорғалады.
35. Кәсіпорын тәрбиеленушілеріне кепілдік беріледі.
Өмірі мен денсаулығын қорғау;
Жеке тұлғаны қорлаудан,барлық табиғи және психологилық зорлықтан қорғау;
Оның қадір –қасиетін қорғау;
Эмоцилық-жеке қатынастағы қажеттілігін қанағаттандыру;
Дамудың жеке қасиеттеріне және жас ерекшеліктеріне сәйкес физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Оның шығармашылық қабілеттерін және мүдделерін дамыту;
Қосымша (оның ішінде ақылы)білім беру және медициналық қызметтер алу;
Оқу құралдарын, ойыншықтарды, ойындарды, оқу жабдықтарын ұсыну.
36. Кәсіпорын тәрбиеленушілерін ата-аналрының (заңды өкілдерінің) жауапкершілігі және міндеттері, құқықтары.
Кәсіпорын тәрбиеленушілерінің ата-аналары (заңды өкілдері) құқылы:
Балаға отбасында мектепке дейінгі білім беру. Отбасында мектепке дейінгі білім алып жүрген бала, оның ата-анасының (заңды өкілінің) шешімімен білімін мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жалғасыруға құқылы (кезекке сай); Кәсіпорын жарғысымен, білім беру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясымен, оқу-бағдарламалық құжаттармен және басқа да білім беру қызметін жүзеге асыру және Кәсіпорынның қызметін реттейтін құжаттармен танысу:
Білім беру мазмұнымен, пайдаланатын оқыту және тәрбиелеу әдістерімен, білім беру технологияларымен таныстыру;
Балалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау;
Тәрбиеленушілердің барлық жоспарланған тексеріс түрлері: (психологиялық, психологиялық-педагогикалық) ақпарат алу, сондай тексерістер өткізуге келісім беру немесе қатысу, олардан бас тарту немесе оған қатысудан бас тарту, өткізілген тексерістердің нәтижелері туралы ақпарат алу;
Кәсіпорын жарғысымен анықталған нысанда Кәсіпорын басқаруына қатысу.
37. Тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері) міндетті:
Баланың жеке тұлғасының физиологиялық, адамгершілік және зияткерлік даму негіздерін қалауға;
Балалардың тамақтануына көрсетілген қызметке жұмсалған шыцғынды толтыруға;
Кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін сақтауға,тәрбиеленушілер сабақтарының тәртібін орынтатын, лакалды нормативтік актілердің талаптарын, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналрымен (немесе) олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) Кәсіпорын арасындағы өзара білім беру қатынасының тәртібін реттеу және сол қатынастарды ресімдеуге,тоқтатуға және қысқартуға тәртібін реттеу және сол қатынастарды ресімдеуге , тоқтатуға және қысқартуға;
Тәрбиеленушілердің және басқа да Кәсіпорынның білім беруге
қатысушылардың абырой мен қадір-қасиетін құрметтеу.
38.Тәрбиеленушілердің ата-аналрының (заңды өкілдерінің) міндеттері мен басқа да құқықтары қолданыстағы заңнамамен,білім беру туралы шартпен орнатылады.
8. Еңбек ұжымы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
39. Мектепке дейінгі ұйымдарды басқару дара басшылық және алқалы басқару принциптерінде құрылады. Алқалы басқарудың нысандарына педагогикалық, қамқоршылық кеңестері жатады.
40. Мектеке дейінгі ұйымды тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
41. Мектепке дейінгі ұйымның басшысы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес:
1) қызметекерлердің, тәбиеленушілердің бостандықтары мен құқықтарын бұзғаны үшін;
2) оның құзыретіне жатқызылған қызметтерді орындамағаны үшін;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын бұзғаны үшін;
4) оқу-тәрбие үрдісі уақытында тәрбиеленушілердің және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін;
5) қаржы-шаруашылық қызметінің жағдайы, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражаттарын мақсатсыз пайдалану үшін;
6) еңбек шартының талаптарында және нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де тәртіп бұзушылықтары үшін жауапты.
42. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері мектепке дейінгі ұйым дербес әзірлейтін ішкі тәртіп қағидаларында және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында нақтыланады. Бұл ретте көрсетілген актілерде белгіленген құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясына, «Білім туралы» Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына, өзге де заңнамалық актілер мен ұйым Жарғысына қайшы келмеуге тиіс.
43. Балабақшаның педагогы педагогикалық білімі бар, медициналық комиссиядан өткен жағдайда және басшы тағайындалған сынақ мерзімін өткен Қазақстан Республикасының кез келген азаматы болуы мүмкін.
44. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің құқықтары:
лауазымына байланысты балабақшаның қызметіне қатысу;
басқаруыға қатысуға, яғни балабақшаның Кеңесіне және қоғамдық органдарға сайлауға;
еңбек келісіміне және біліктілік санатына сәйкес кепілдік еңбекақы алуға;
еңбек келісіміне және біліктілік санатына сәйкес белгіленген еңбекақы алуға;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбекті қорғауға;
сенбі және жексенбі күндері демалуға және қызметкерлерінің санаттарына және бекітілген демалыс мерзіміне сәйкес жыл сайын берілетін демалысқа шығуға;
қолданыстағы заңнамаға, еңбек және ұжымдық шарттарға сәйкес басқа да құқықтарға ие болуға.
45. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің міндеттері:
осы Жарғыны ұстану;
лауазымдық міндеттерін орындауға, ішкі тәртіп ережелерін орындау;
өз еңбегінің нәтижелеріне жауап беру;
балаларды күтуде медициналық – педагогикалық жазу ескертпелермен танысу;
еңбек ұжымының жалпы шешімдерін орындау;
қолданыстағы заңнамаға, еңбек және ұжымдық шарттарға сәйкес басқа да міндеттерді орындау;
өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде іскерлік киім стилін ұстану.
46. Баланың денесіне немесе психологиялық залал келтіруге себеп болған
қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте жеке жауапкершілікті көтереді.
47. Білім беру ұйымының бас есепшісі, шаруашылық ісінің меңгерушісі, медициналық бике, мемлекеттік басқару органының келісімі бойынша меңгеруші бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.
9. Кәсіпорынды басқару
48. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы келесі өкілеттікке ие:
1) Кәсіпорын қызметінің басым бағытын анықтайды;
2) Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің келешектік және ағымдағы жоспарларын бекітеді және қарастырады, соның ішінде жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді, олардың кезеңін және тәртібін анықтайды;
3) Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарлық көрсеткіштерінің орындалуының талдауы мен бақылауын жүзеге асырады, уәкілетті органға белгіленген мерзімде лайықты есеп береді;
4) басшыны тағайындайды және Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған тәртіпте оның аттестациясын жүргізеді;
5) жыл сайын Кәсіпорынның еңбекақы қорының мөлшерін белгілейді;
6) Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарының лауазымдық еңбек ақысының көлемін белгілейді, оларды ынталандыру және марапаттау жүелерін белгілейді;
7) Кәсіпорын мүлкінің сақталуын және мақсаты бойынша пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерімен және құзыреттілігіне жататын осы Жарғымен, басқа да бұйрықтар бойынша шешім қабылдайды.
49. Кәсіпорынның органы заңды тұлға ретінде, есептегі мемлекеттік басқару органы болып, оның басшысы болады.
50. Мемлекттік басқару органы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу жолымн Кәсіпорының басшысымен қатынасты рәсімдейді.
51. Кәсіпорынды алқалы басқару органы болып өз қызмтеінде ҚР заңнамасымен басшылық ететін қамқорлық кеңесі болып табылады, қамқорлық кеңестің қызметінің типтік ережелері және оны сайлау тәртібі.
52. Кәсіпорын басшысы Кәсіпорындағы іс жағдайлары үшін мемлекеттік басқару органының және меншіктенушінің (уәкілетті органның) алдында дербес жауапкершілік тартады.
53. Кәсіпорын басшысы жеке дара басшылық жасау принциптері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Кәсіпорын жарғысымен белгіленген өз құзыретіне сай Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.
54. Кәсіпорын басшысының құзыретіне келесі мәселелер жатады:
1) Кәсіпорын атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасады;
2) барлық органдарда Кәсіпорынның мүддесін білдіреді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектерде Кәсіпорынның мүлкісімен басқарады;
4) шарттарға отырады және өзге де мәмілелер жасайды;
5) сенімхаттар береді;
6) банкілік есеп-шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді Кәсіпорынға жұмысқа қабылдайды және оларды жұмыстан шығарады, оларға қатысты марапаттау және жазаға тарту шараларын қолданады;
9) Кәсіпорынның бас есепшісін, өз орынбасарларының лауазымына тағайындалатын және босатылатын үміткерлерді мемлекеттік басқару органына ұсынады;
10) мемлекеттік басқару органы белгіленген еңбек ақы қорының көлемінде қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу түрлерін, штаттық кестесін, лауазымдық айлық ақы төлемін, ақшалай және басқадай марапаттау жүйесін бекітеді;
11) Кәсіпорын басшысының орынбасарлары мен басқа да басшы қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
12) жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және ҚР қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауапты болады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзіне жүктелген өзге де міндеттерді атқарады;
55. Кәсіпорын басшысы жемкорлыққа қарсы шара қолдануға міндетті, сол үшін дербес жауапты болады.
56. Басшының орынбасары өз құзырының аясында Кәсіпорын атынан әрекет етеді, мемлекеттік органдарда және басқа мекемелерде оның мүддесін білдіреді, шаруашылық операцияларды жасайды, сенімхатсыз шартқа отырады және Кәсіпорын қызметкерлеріне сенімхат бере алады.
57. Кәсіпорын құқылы:
Мемлекеттік басқару органның келісіммен бар қаржылық қаражаттарын жұмсау, жеке алғанда: біркелкі тарифтік кестеге сай еңбекақы мөлшерін белгілеу; еңбекақысының шамасына қарай қосымша ақша, ақшалай сыйлық төлеуді өздігінен белгілеу, үстем ақшаны әр жұмыскерінің жеке басының қабілетіне, істелген жұмыстың сапасына байланысты белгілеу;
мүлік жасалу тәртіпті анықтау және бюджеттен тыс қаржы көлемін бөлу; бюджеттен тыс қаржы есебінен болған жұмыстар мен қызметтеріне бағаларды белгілеу;
Кәсіпорынның қызметін басқару құрылымын реттеу, штаттық кесте, лауазымды міндеттерді бөлу.
58. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы «Білім туралы» Заңына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
59. Педагогикалық қызметкер кемінде бес жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
60. Білім беру саласындағы уәкілетті орган құзыретіне сәйкес, ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан жоспарлы түрде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау бес жылда бір рет жүргізіледі.
10. Кәсіпорынның мүлкі
61. Кәсіпорынның мүлкін, Кәсіпорынның дербес балансында құны көрсетілген барлық активтері құрайды.
62. Кәсіпорын мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі.
63. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, соның ішінде Кәсіпорын қызметкерлердің арасында бөлуге болмайды.
64. Кәсіпорынның мүлкі төмендегідей қалыптасады:
оған меншік иесі берген мүліктің;
өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған (ақшалай табыстарды қосақанда) мүліктен;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінен.
65. Кәсіпорын жедел басқару құқында бекітілген, негізгі құралдарға жататын мүлікті, сондай-ақ өзіне тиесілі акцияларды сатуға және оларды сыйға беруге құқылы емес.
66. Кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде түскен қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана жатсындыруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқылы.
67. Кәсіпорын өзі өндірген өнімді дербес өткізеді.
68. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органының жазбаша келісімінсіз негізгі құралдарға жататын мүлікті сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту шарттары немесе өзге мәміле негізінде алуға құқығы жоқ.
11. Кәсіпорынның қаржылық қызметі
69. Кәсіпорынның қызметі мемлекттік тапсырысты бөле отырып, мемлекеттік басқару органы бекітетін смета бойынша өз табысының есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның Жарғысында көрсетілген мақсаттары мен міндеттерімен, сондай-ақ кәсіпорынға мемлекеттік басқару органы арқылы жеткізілген мемлекеттік тапсырыстарымен анықталады. Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
70. Кәсіпорынмен ұсынылатын ақылы қызметтердің тізімі және оларды ұсыну тәртібі мемлекеттік басқару органының келісімі бойынша заңнамаға сәйкес белгіленеді.
12. Кәсіпорынның жауапкершілігі
71. Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша билік етуіндегі ақшамен жауап береді.
72.Кәсіпорынның қалған мүлкін өндіріп алуға осы Кәсіпорын таратылғаннан басқа жағдайларда жол берілмейді.
73. Кәсіпорын өз мүлкін иеленушінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
74. Кәсіпорынның ақшасы жеткіліксіз болса, оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікті Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік – аумақтық бірлік көтереді.
75. Кәсіпорынның шарттық міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тек мемлекеттік тапсырысты орындау щеңберінде ғана субсидиарлық жауапкершілікті көтереді.
13.Кәсіпорынның жұмыс тәртібі
76. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен және ұжымдық шартпен белгіленеді, сағат 7.30 - ден 17.30 - ға дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі, мереке күндері.
14. Қорытынды ережелер
77. Осы Жарғы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
78. Кәсіпорын Жарғысына өзгертулер және толықтырулар енгізу, Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату,уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
79. Кәсіпорын азаматтық заңнамада көзделген басқа негіздемелер бойынша да таратылуы мүмкін.
80. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және таратуды, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше беліленбесе, уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.
81. Таратылған кәсіпорынның нисие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін уәкілетті орган қайта бөледі.Таратылған Кәсіпорынның ақшасы осы Кәсіпорынның несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалатын мүлкін сату нәтижесінде түскен ақша қаражатымен қоса жерлікті бюджеттің табысына есептеледі.