Мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты – әрбір адамның психикалық денсаулығын нығайту, тұрақты эмоционалды алдын ала ойлаумен гармониялық тұлғаны құрастыру. Заманауи қоғамға, қоршаған ортаға позитивті көзқарасты қалыптастыру және ондағы адамдардың алар орнына жеке денсаулықты қалыптастыруды қамтамасыз ету, өмірдің барлық кезеңдерінде салауатты өмір салтын мақсат етіп ұстау.
Қоғамдағы мерзімді түрде кездесетін шиеленіс, қалаландырумен тікелей байланысты. Салауатты өмір салтын сақтау, аурулардың алдын алу және мінез-құлықтың қауіп факторлары (адамның оң көзқарасын тәрбиелеу, тартымдылығы дене белсенділігінің дейгейін арттырады, темекі шегу мен ішімдікті тұтыныудан бас тарту) жайында ақпарат пен мықты ұсынымдар қажет.
Негізгі міндеті – жалпы алғанда қоғамның және әрбір адамның позитивті психикалық жағдайының маңызы жайлы кеңейтілген ақпаратты республика халқына ұсыну. Құрамында никотині бар заттары мен спирті бар сусындарды қолданудың қауіптілігі бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстарын кең жолға қою, дені сау мінез-құлық дағдыларын құрауға аса мән беру, ақпараттық парақтар, әдістемелік нұсқаулар және мақсатты топтарға басымырақ мән берілетін бағдарламалар түріндегі ақпараттық шығарылымдар кешенін кең көлемде қолдану; халықтың әртүрлі оралымдарына білім алу, ағарту, үгіттеуді жүргізу, әсіресе ұйымдасқан ұжымдарда – бала бақшаларда, мектептерде, колледждерде.
Танымдық ойындар жүргізумен байланысты тақырыптық сабақтар
Шаралардың мақсаты - балаларды позитивті қарым-қатынасқа үйрету, бір-біріне жұмсақ әрекет ете отырып, шылықсыз басып алу. Ойынның барлық қатысушыларына мән берумен және қадірлеумен қарау.
Ақпараттық материал
Жүргізуші балаларға аңызды әңгімелейді, оның негізінде Эзоптің аңыз әңгімесі жатады.
«Бірде Жел мен Күн бәс тікті, олардың қайсының күшті екендігіне. Бәсекені шешу үшін, олар күштерін айқастырып көрмекші болды. Ал бұл уақытта жолда адам келе жатты. Жел айтты: «Қараңыз, қалай мен қазір жолаушыдан жамалғысын шешіп аламын деді». Бар күші жеткенше ол үрлей бастады. Бірақ жел қанша күшеніп үрлесе де, жолаушы соғырлы жамалғысымен қымтанып алды. Жел ызаланып адамды қар мен жаңбырдың астына алды. Ал ол қолайсыз ауа-райына налып қымтануын жалғастыра берді.
Күн, желдің ісінен түк шықпайтынын көре тұра, бұлттардың астынан шықты. Күлімдеді, жаураған және су болған жолаушыны жылытты. Жылыны сезініп, адам өздігінен жамылғысын шешті және күнге рахмет айтты.
«Міне көрдің бе деп, — Күн Желге айтты, — «қаһарлану мен күшпен емес, аймалаумен және жақсылықпен үлкен жетістіктерге жетуге болады».
Балалар аңыз әңгімені тыңдап болған соң, оларға қол ұстасып шеңберге тұру ұсынылады. Ойыншылар арасынан жолбасшы тағайындалады, ол шеңбердің ортасына орналасады.
Жолбасшының міндеті — шеңберден шығып кету. Ол үшін ол шеңберде тұрған бір адамнан оны шығарып жіберуін өтінуі керек. Егер қатысушылардың біреуімен мәмілеге келісе алса, онда сол қатысушы жолбасшының орнына тұрады және т.с.
Ойын қарым - қатынас дағдыларын дамытуға көмектеседі, онда бала коммуникативтік дағдыларын алады және дамытады, әлеуметтік тәжірибе алады, баланың күш қуаттық және танымдық қасиеттерін құрауға ықпал етеді.
Ерте жастан салауатты өмір салты дағдыларын дамыту үшін «Таңғы жаттығудың маңызы туралы» балаларға арналған ертегі.
Тимур мен Серік бір балабақшаға барып жүрді және өте достасып кетті. Олар жиі кезігіп тұратын және аулада жүгіріп жүретін және көңілді ойнайтын. Одан кейін Серіктің ата – аналары басқа жаққа қоныс аударды және ұлдар көп уақыт араласпады. Олар дайындық тобының сабақтарында кезігіп қалып және кезіккендеріне өте қуанды. Екеуі де өсіп қапты, бірақ Тимур шымыр, күнге күйген және үлкен көрінетін сияқты. Ал Серік аққұба және арық, бойы ұзындау көрінетін сияқты. «Жүр достасайық» - деп айтты Серік. «Жүр!» - деп қуана келісті Тимур. Бірақ, біз әрбір таңда бірге жүгіреміз және аулада жаттығу жасаймыз, жақсы ма? «Жақсы» - деп, әзер келісті Серік.
Келесі күні таңертең Серік аулаға шықпады, Тимур оған қоңырау шалған кезде, Серік ұйықтап қалғанын айтты. «Ертең міндетті түрде шығамын» - деп досын сендірді. Осылай бірнеше күн жалғасты. Бір аптадан кейін олар тағы да кезікті. Тимур балғын және тыныққан, жақсы көңіл-күйде Серікке жүгіріп келді. «Сен не ауырып қалдың ба?» - «Жоқ, мен ұйықтап қалдым. Менде жалпы ешқандай көңіл-күйім жоқ. Тіпті ойнағым да келмейді» - деп Серік әлсіз күмілжіді. «Бұлай жарамайды, біз достармыз ғой?» - деді Тимур. Әрбір таңда мен саған қоңырау шалып тұрамын, аулада бірге жаттығу жасап тұру үшін. Арада бірнеше күн өтті. Достар азанда кезігіп, жүгіруді және жаттығу жасап тұрды. Серік нығайды және күнге күйді. Бастысы, оның нашар көңіл- күйі және өзін жайсыз сезінуі кетті. Ол ата-анасымен демалысқа және жаттығуға, спорттық ойындарға, сабақ орындауға, куні бойы демалысқа уақыты болатын, күн төртібін құрып және көбіне үлгеретін болды.
Ата-аналардың назарын күн тәртібін дұрыс уйымдастыруға ерекше аудару қажет, ол балаларда барлық қоршаған дүниеге, оның ішінде бірінші кезекте өзіне позитивті қатынас қалыптастыру керек.