"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының "Нұршуақ"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное  казённое предприятие "Ясли-сад"Нұршуақ" города Степногорск при отделе образования города Степногорск управления образования Акмолинской области

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дені саудың – жаны сау

       «Асқан байлық не керек, денсаулығың болмаса» - деген ойдың мағынасына мән берсек, денсаулықтың  қадірін кей кезде кеш біліп, соның зардабын кеш сезінеміз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуді кейде ұмытып жатамыз.

       Денсаулық - өмір жалғасының сәулесі. Өз саулығыңа қамқор болса, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние болғандықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет, оны ысырап етпеуі керек.  Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әрқайсысымыз дене тәрбиесімен айналысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

• Сапалы тамақтану, жеке бас гигиенасы
• Зиянды әдеттерден аулақ болу
• Денсаулықты сақтау нығайту, спортпен шұғылдану
• Бос уақытты тиімді пайдалану

Денсаулықты жақсартуға арналған көптеген шаралар ұйымдастырылды.

 Балалармен орманға саяхатқа қимылды ойындар, көңілді эстафеталар өткізілді.

 ГККП ДЮК «Батыр» (Детско Юношеский клуб «Батыр») экскурсия ұйымдастырылды. Балаларға өте ұнады. Көңілдерінен шықты.

  

   

    

      


Текст