Асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Бұл ойынды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын болған. Біз солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырмыз. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан - балаға, үлкеннен - кішіге мұра болып жалғасып отырған. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі мергендікке, түнгісі ептілікке баулиды.
6 наурызда «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасында ересек топтарының тәрбиеленушілері арасында «Ханталапай» ұлттық ойын сайысы ұйымдастырылды. Ойын қызықты әрі қарқынды өтті. «Ханталапай» ойыны қорытындысы бойынша Қайыр Расул - «Зерек», Высоких Давид - «Алғыр», Нигметов Тамерлан - «Мерген» номинациясында үздік атанды.