25.04.2023
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Қазақстан Республикасының Заңын орындау шеңберінде, ата-аналардан (заңды өкілдерден) заңсыз қаражат жинаудың, 2022-2023 оқу жылын аяқтаудың және бітіру кештерін өткізудің алдын алу мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің 2023 жылғы 21 сәуірдегі №177 хат негізінде БҰЙЫРАМЫН:
- Білім беру мекемелерін жөндеуге, тәрбиешілерге, педагогтарға сыйлықтар үшін білім алушылардың заңды өкілдерінен ақшалай қаражат жинаудың барлық түрлеріне тыйым салынсын.
- Білім алушылардың ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) заңсыз ақша қаражатын жинау жағдайлары анықталсын және болдырмаудың іс-әрекеттері өткізілсін.
- Білім беру мекемелерінің басшылары осы бұйрықты ата-аналар қауымына жеткізсін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» бұйрық Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Нұршуақ» бөбекжайы» МКҚК-нің сайтында орналастырылсын.
- Білім алушылардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қосымша қаражат алу тәртібін бұзуға байланысты барлық өтініштері бойынша қызметтік тергеу жүргізілсін.