"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының "Нұршуақ"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное  казённое предприятие "Ясли-сад"Нұршуақ" города Степногорск при отделе образования города Степногорск управления образования Акмолинской области

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үй жағдайында баламен сабақ жүргізудегі кеңестер

18.03.2019

                                    Үй жағдайында баламен сабақ жүргізудегі бірнеше кеңестер:

          Сабақ балаға ұнауы тиіс. Баланы мәжбүрлеп күш түсірген жөн емес. Баланың барлық нәрсеге деген қызығушылығы жоғалады. Аз-аздан бірнеше реет жасаған жөн. Солай баллада дағды қалыптасады. Саусақ жаттығуы- бұл ұсақ моториканы дамыту жолдарының бірі. Адамның қол мен мидағы сөйлеу орталығы аралықтарында тығыз байланыс барлығы ғалымдармен анықталған.

         Артикуляциялық жаттығу – бұл ерін мен тілге арналған жаттығулар. Тіл- сөйлеу органының негізгі бұлшықеті. Тілді дыбыс шығаруға қатысты нақты қимылдарды жасай алу үшін жаттықтыру қажет. Ерін мен тіл икемді әрі мықты болуы керек. Артикуляциялық жаттығуды орындау үшін айна қажет. Бала өзінің тілінің қозғалысын көріп отыруы қажет. Бала тіл жаттығуларын жаттағанға дейін қайталай беру керек. Тіл жаттығуларын дұрыс, нақты жасаған жөн. Жаттығуды күніне 2 рет  5-7 минуттан  жасаған жөн. Оның нәтижесі анық, дұрыс сөйлеу болып табылады. Бала дыбыстарды дұрыс шығару үшін сонымен қатар дыбыстық дамуына, дұрыс тынысалуға және тілдік дыбысталуға арналған бірнеше жаттығуды орындау керек болады.

          Дыбыстық еліктеу мен дыбыс пен логоритмиканы дамыту ойындары. Тілдік немесе фонематикалық  дыбыс - ол дыбысты дұрыс естіп, танып, дұрыс айыра білу. Мыс: Үй жануарларының дауысын салып, соны тану.

        Тілдік еліктеу немесе дыбысқа еліктеу – айтылған сөйлем, сөз, дыбысты дұрыс айта білу.

        Логоритмика- қимыл-қозғалыстың, сөйлеу мен музыканың қосылуы. Үлкен адам тақпақты оқы піс-әрекетпен көрсетеді бала қайталайды. Балаға бұл өте көңілді әрі қызық.

     Үй жағдайында баламен бірге ойнатылатын ойындарға тоқталсақ:

·        Лентаны орау.

·        Бауды байлау.

·        Түйме қадау.

·        Ұсақ дәндер мен сүйектерден сан алуан заттардың сұлбасын жасау.

·        Қысқыштармен ойын.

·        Қақпақтарды бұрап ашу және жабу.

·        Қапқа салынған заттарды сипап-сезу арқылы табу.

·        Қарындашты не қаламды алақанда әрлі-берлі қозғалту.

·        Трафареттерді бастыру.

     Осы ойындардың барлығы дерлік ұсақ қол моторикасын жатықтыру мен жетілдіруге, қол координациясын дамытуға арналған.

     Дұрыс демалу мен дем шығаруға арналған ойындар:

·        Ауадағы футбол. Алақанға мақтаны салып, үрлеу. Үстел үстіне жұмсақ допты немесе жұмсақ кез-келген ойыншықты қойып үрлеу.

·        Ән салатын бөтелке. Таза бөтелкені алып, одан тамшы тамған кезде бөтелкені үрлеу. Ұрлеу мен тамшы қатар келген кезде дыбыс шығады. Бұл балаларға өте қатты ұнайды.

·        Майшам. Кішкене түрлі-түсті майшамдар сатып алыңыз. Майшамды жағып, балаға көк түсті шамды, сосын сары түсті шамды үрлеуін өтініңіз. Баланың майшамды баяу үрлеуін қадағалаңыз.

·        Тәтті жаттығу.(чупа-чупспен) Кәмпитті ерінге 5-10 сек уақытта қысып тұру. Осы кейіпте кәмпит таяқшасын жоғары-төмен қозғалту.

        Сабақтарды аптасына 2-3 реттен орындаған жөн. Бүкілсабақтаройын түрінде өтуі керек және ойын ережесі бойынша жүргізілуі тиіс. Сабақтың өтілу уақыты үзіліссіз 15-20 минуттан аспауы тиіс. Бастапқыда 3-4 минуттан бастаған жөн. Сабақ  күніне 2-3 рет өткізілгені тиімдірек. Ыңғайлы уақыттар ол таңғы астан соң және түскі ұйқыдан соң. Бала өзін жайсыз сезінсе оны мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Сабақ өткізетін жер тыныш, ыңғайлы болғаны жөн. Балаға бір затты түсіндіргенде көрнекі құрал қолданған өте тиімді. Сабақ  барысында балаға дұрыс емес деп мүлде айтпаған жөн. Мейлінше баланы мақтап, мадақтау қажет. Балаға қарама-қарсы отырып, анық сөйлеу керек. Бала ересек адамның ерінінің  қозғалысын көріп отырғаны жөн. Балаға сабақ өткізумен қатар ертегі оқығанның да маңызы өте зор.

 

   

                                                       

Просмотров: 538


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст